АЙЫРЫЛУ, ТАБЫСУ ЖӘНЕ АРЫЛУ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ

Үстіміздегі жылдың маусым айының 21 — ші жұлдызында , Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасында, Мемлекет қайраткері А.Тшановтың “Айырылу, табысу және арылу туралы толғау” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкент қаласының, Жамбыл облысының әкімі, ҚР -ның құрылыс министірі және бірнеше дүркін ҚССР Жоғарғы Кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған қайраткердің мемуарлық жанрдағы естелігі, үлкен қызығушылық туғызды, қызу пікір бөлісу жағдайында өтті. Жиынға қатысып сөз алған “ Мұнайгаз кешені ардагерлері” РҚБ мүшелері, ҚР Парламентінің әр шақырымдарының депутаттары болған З.Алшымбаев, И.Елекеев және Қ.Ережепов кітаптың құндылығы туралы ойларын ортаға салып, өз естеліктерімен бөлісті.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері А.Тшановтың бұл кітабы- адал азаматтың ақиқатқа жүгіне отырып, өз халқының алдында, ұрпақтары мен ар ожданының алдында арылуы десе болады. Өмірдің сан тарау өткелдерінде бастық та , әкім де, депутат та болып қызмет атқарған майталман ардагердің жүректен шыққан жан сыры оқырманды еріксіз тебірентеді. Автор өз замандастарының басынан өткен жағдайлар туралы терең толғана отырып, дүниені мүлде басқа қалыпта қабылдайтын бүгінгі жас жеткіншектердің санасындағы психологиялық қайшылықтарды дұрыс пайымдауға тырысқан.
“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ