Көктемнің алғашқы шұғылалы күндеріне тұспа келген Геологтардың кәсіби мерекесі өңірлерде кеңінен аталып өтті. “МГКА” Атырау филиалының директоры М.Ізбасов өз құттықтауында саланы дамытудағы геологтар қызметінің маңыздылығына тоқталды. Барлау бұрғылаудан бастап, ұңғыларды күрделі жөндеу, қабат қысымын арттыру бағытында су айдау, геологиялық-техникалық шаралар, мұнай өндіру коэффициентін көтеру және т.б. сан түрлі жұмыстар геологтар қызметі арқылы жүзеге асылатынын ерекше атап өтті.
Өндірістің суығына тоңып, ыстығына күйіп, мұнайгаз кендерін игеруде ер азаматтармен қатар жанкештілік танытқан ардагер ана, апаларымыз да бар. Солардың бірі, осы мереке қарсаңында 85 жасқа толған ардагер мұнайшы Дамелхан Махатқызына “МГКА” РҚБ және филиал басшылықтары атынан құттықтау хат тапсырылды.
Дамелхан апай өзінің еңбек жолын 1963 жылы “Прорва” мұнай өндіру басқармасында бастап, жиырма бес жыл, зейнеткерлікке шыққанға дейін “Балықшы барлау-бұрғылау” басқармасында. табысты еңбек еткен. Ол, сонымер бірге кеудесіне “Алтын алқа” таққан ардақты ана, 24 немере, 23 шөбере сүйіп отырған әже, мәуелі шаңырақтың төр иесі. Бірлестік және филиал басшылығы, қадірменді ардагер-анаға ұзақ ғұмыр, күш-қуат, жанұясына ырыс пен ынтымақ тілегін жеткізді.
“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ