МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАСЫ 70 ЖАСТА

Құрметті Қайыргельды Мақсұтұлы!           

Сізді 70 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

           Сіз өміріңіздің бүгінгі кезеңіне, мұнайгаз саласының және мемлекеттік қызметтің түрлі сатысында, өзіңізге сеніп тапсырылған міндет жүгін абыроймен атқарып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің еңселі болуына аянбай еңбек етіп, ел құрметіне бөленген біртуар азамат ретінде жетіп отырсыз.

          Еңбек жолыңызды туған жеріңіз Павлодар облысында мұнай құбыры басқармасында – инженер мамандығынан бастап, министрлікте мемлекеттік қызметте, Ұлттық компания Президенті лауазымы биігіне көтеріліп асқақ абырой, сый-құрметке бөлендіңіз, мұнай-газ саласын  тұрақты дамытуға зор үлес қостыңыз.

          Сіз өзіңіздің жоғары деңгейдегі кәсіби біліктігіңізді, үлкен жауапкершілігіңізді, тәжірибеңізді және саяси беделіңізді еліміздің экономикасын қарқынды дамыту жолында аянбай Ұлттық «КазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ компанияларында, Қазақстан Республикасының «Мұнай-газ», «Энергетика» министрліктерінде, басшылық қызметтерде орасан зор жетістіктерге жеттіңіз, соның арқасында  сол кездегі саяси дағдарыстан шығу және экономикалық реформаларды іске асыру жолында игілікті істерді үлкен жауапкершілікпен атқардыңыз.

          Қазірде «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Бас директорының Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары, Республикалық «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінде абыройлы атқарып жүрген қызметіңіз, тек ардагерлердің көңілінен  шығып қоймай, Сіздің болашақта ел игілігі үшін қосар үлесіңіздің зор болатынына сенімімізді арттыруда.

          Еліміздің қоғамдық және саяси өміріне, экономикасы мен мәдениетін дамытудағы белсенді еңбегіңіз ескеріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ордендерімен, көптеген медаль-төс белгілермен марапатталдыңыз, Ресей Федерациясының «Құрметті мұнайшысы», Павлодар облысының «Құрметті азаматы», Атырау Мұнай және газ институтының «Құрметті профессоры», Еуразиялық Ғалымдар Клубының «Құрметті Профессоры», Халықаралық Инженерлік Академиясының Академигі иегерісіз, осындай құрмет Сіздің ғибратты өміріңіз бен адал еңбегіңіздің жемісі.

          Сіздің жарты ғасырға жуық өнегелі еңбек жолыңыз, терең біліміңіз, инженерлік талантыңыз, бағындырған биік асуларыңыз өзіңізден кейінгі ұрпақ үшін үлкен өмір мектебі екені даусыз.

          Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңізге амандық бақ-береке тілейміз! Келер жылдар жемісті болып, өзіңізге және отбасыңызға шаттығы мол қуаныш сыйласын!

                 Сізге деген зор құрметпен және ең ізгі тілектермен,  

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық

қоғамдық бірлестігі Орталық аппараты және Бірлестік Кеңестігі