МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ- АРДАГЕРЛЕР НАЗАРЫНДА

2021 жылдың тамыз айының 6-да “МГКА” РҚБ бір құрылтайшысы болған IMBC ( машина жасау орталығы) жобасы қызметін бастағаны белгілі. Ол ҚР Үкіметінің N 936-шешімін (29.12.2018ж) орындау мақсатында “МГКА” РҚБ, Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамымен бірлесе отырып NCOC, KPO және ТШО компанияларымен “Мұнайгаз машиналарын жасауды дамытудың халықаралық қауымдастығын” құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бағытталған болатын. Мақсат- жоғарыда аталған ірі компаниялардың потенциалын пайдаланып, ірі жобалардағы қазақстандық қамтуды айтарлықтай ұлғайту, жергіікті товар өндірушілерді қолдау, инвесторлар тарту және халықаралық өндіруші компаниялармен біріккен кәсіпорындар құрып қызмет жасау. Осы мәселелерге арналған IMBC- дің кезекті Форумы үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде, Астанада IMB орталығында өтті. Оған шетелдік және отандық мұнайгаз машина жасау кәсіпорындарының 250 ге жуық өкілдері жиналды. Форумның ашылу рәсімінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Көлгінов, Энергетика Вице-Министрі А.Хасенов және Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы М.Пшембаев, кіріспе сөздерін арнап Форумның сәтті өтуіне тілектерін жеткізді. Жиынның барысында NCOC, KPO, ТШО компанияларының басшылары осы бағытта жасап жатқан қызметтері туралы айтып берді. Сонымен бірге IMB орталығының Бас директоры М.Каримов орталықтың осы кезеңге дейін атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарларымен таныстырды. Жиынға қатысушыларға көкейтесті сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасуына да толық мүмкіндік жасалды. Форум жұмысына “МГКА” РҚБ Бас директоры А.Тегісбаев пен Бірлестіктің механика-машина жасау саласы бойынша менеджері А.Бердімұратов қатысты.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ