Үстіміздегі жылдың , желтоқсан айының 2- ші жұлдызында АО “КМГ”, КазЭнерджи ассоциациясы және ТОО “КМГ Инжиринг”тің ұйымластыруымен “ Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері туралы” халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол белгілі мұнай-газ саласының ардагері, техника ғылымдарының докторы, “Мұнайгаз кешені ардагерлері” РҚБ Кеңесінің төрағасы Ұ.Қарабалиннің мерейлі 75 жасқа толу мерейтойымен ұштастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мүмкіндіктері мен жолдарын және тәжірибе алмасып, бірлесіп анықтау. Осы іс-шара аясында ірі мұнай өндіруші және мұнай -сервистік компаниялардың, жетекші оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының және сала ардагерлері өкілдерінің пікір алмасуы өтті. Оған қоса конференцияның пленарлық талқылауына Москва, Уфа, Алматы, Атырау мұнай-газ ЖОО -ның белгілі ғалымдары қатысқанын атап өткен жөн.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына “МГКА” РҚБ-нің Бас директоры А.Тегісбаев, Бірлестік кеңесінің мүшелері Қ.Қабылдин, М. Батырбаев, З.Алшымбаев, Т.Хасанов, ардагерлер М.Құрбанбаев, Е.Огай, И.Бирманов, Қ.Келжанов, В.Мирошников және т.б. қатысты. Мұнай-газ саласының майталман мамандары жиналған жиында жасалған баяндамалар қатынасушылардың қызығушылығымен тыңдалып, конструктивті пікір-алмасу жағдайында өтті. Кең көлемле өткен конференция бағдарламасымен төменде танысуға болады.
“МГКА” РҚБ АПАРАТЫ