АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жақында белгілі мұнайшы -ардагер Оржанов Табын Қапанұлы “ Эмбамұнайгаз” кен орнының 100 жылдығы мерекесіне орай мемлекетіміздің “3-ші дәрежелі Барыс” орденімен наградталған болатын. Табын Қапанұлы өткен ғасырдың 50- жылдарында еңбек жолын “ Байшонас” кен орнында оператор болып бастап, осы кәсіпшіліктің бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өтті. Одан кейінде Доссор кәсіпшілігінің және ірі “Эмбамұнайгаз”, “ Маңғыстаумұнайгаз” бірлестіктерінің бас инженері болып жемісті еңбек етті. Одан кейінгі кезеңдерде де “Жетыбаймұнайгаз” мекемесінде басшылық, “Теңізмұнайгаз”, “Южнефтепровод” құрылымдарында зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін инженерлік лауазымдарында абыройлы қызмет етті. КССРО мұнайгаз саласының үздігі Табын Қапанұлы, — мұнайгаз саласының қызметкерлерімен, салалық колледждердің студенттерімен кездесулерге қатысып, өткен өмір жолынан қызғылықты естеліктер айтып, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Жоғарыда аталған мемлекеттік награданы, ардақты ардагер-мұнайшыға Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының ардагерлер кеңестерінің төрағалары С.Төлетов пен Ж.Қараев тапсырды. Кездесуге мұнайгаз кешені ардагерлері бірлестігінің Маңғыстау филиалының директоры Қ.Ережепов қатысты.

“МГКА” РҚБ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ