ЕЛОРДА төрінде “Күй жәрмеңкесі” өтті

, қаламыздағы “Күй атасы” атанған Құрманғазы ескерткіші жанында ҚР Конституция күніне орай Есіл ауданы әкімшілігі мен “Күй анасы” республикалық қоры ұйымдастырды. Күй жәрмеңкесі қадірлі қонақтардың “Құрманғазы” ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері С.Абдрахманов, З.Алшымбаев, И.Елекеев, Т.Қуанышев, ҚР өнері мен әдебиетіне еңбегі сіңген қайраткерлер О.Дүйсен, А.Тоқтаған, Т.Әліпбаев, А.Бекенов, ақын А.Сейтақ және т.б. қатысты. Шара соңында өткен, ұлттық өнерді қадірлейтін зиялы қауым кездесуінде “МГКА” РБҚ Кеңесінің мүшесі З.Алшымбаев, өз сөзінде , халқымыздың төл өнері -күйді дәріптеп, ұлы күйшінің ұшан-теңіз мұрасын қайта жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа таратып және оларды жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен бірге қаламыздағы ұлы адамдарға қойылған ескерткіштер ( Б.Момышұлы, Д.Нұрпейісова, Ж.Ташенов, Ж.Жабаев т.б.) жәй “тас мүсін” күйінде тұрмай, олардың жанында өскелең жас ұрпаққа тәрбие тағылымы мол осындай ұлағатты шаралар өткізіліп тұруы қажет екендігіне тоқталып, жиналғандарды ата-заң күні мерекемізбен құттықтады.
АҚПАРАТ.

  Оны