МҰНАЙШЫ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

         Дәрібаев Юлдашбай Әбуұлы,  1970-1975 жылдары Қазақ политехникалық институтының, мұнай факультетінде білім алып «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығына ие болды.

         Алғашқы еңбек жолын 1975 жылы Гурьев қаласындағы политехника техникумының оқытушысы қызметінен бастады. 1977 жылдан 1979 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу кентіндегі Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық экспедициясында бұрғылаушының жәрдемшісі, бұрғылаушы, шебер, 1979-1981 жылдар аралығында Келес ауданындағы Дарбаза тораптық құбырмен су тасымалдау басқармасында инженер-сантехник, 1981 жылдан 1989 жылға дейін Чапаев атындағы мақта совхозында инженер-гидротехник қызметін атқарды. 1989 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылға дейін Өзбекістан Республикасындағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институтында ғылыми істер зерттеушісі, ассистент, доцент, оқу бөлімінің тәжірибе жөніндегі меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді. 1994 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, 1995 жылы ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, 1998 жылы доцент лауазымын иеленді. 1999 жылы докторантураға түсіп, 2001 жылы докторантураны сәтті аяқтап, 2002 жылы доктор РhD дәрежесін иеленді.

         2002 жылдың мамыр айынан бастап КазТрансГаз ашық акционерлік қоғамының Тараз қаласындағы Жамбыл филиалында бұрғылау инженері, 2003 жылдың тамыз айынан «Амангелді Газ» жабық акционерлік қоғамында ауысым шебері және газ өндіру шебері, комплексті газ дайындау қондырғысының менеджері,  өнеркәсіп басшысы, 2006-2007 жылдарда бас директордың өндіріс бойынша бірінші орынбасары, 2008-2009 жылдарда бас технолог, 2010 жылдан бастап бас технологтың орынбасары, газ және конденсатты газды өндіру қызметінің жетекшісі, жетекші инженер, инженер технолог лауазымында еңбек етті. 2016 жылдың мамыр айынан зейнеткер.

         2016-2017 жылдары «Клинал» ЖШС де инженер технолог, «ФАН» ЖШС де бас эколог болып қызмет атқарған.

         2017 жылдың қыркүйек айынан бастап-осы уақытқа дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мұнай газ ісі» кафедрасында қызмет атқарады. Ю.А. Дәрібаевтың инициативасы бойынша келешекте мұнай газ өндірісіне сапалы мамандар даярлау және лабораториялық-тәжірибе сабақтарын оқыту үрдісінде қолдану мақсатында «Амангелді Газ» және «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС-нен жабдықтар мен аспаптар алынды.               Дәрібаев Ю. А.  – өз жұмысына ынталы, іскерлік қасиеті және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мұнай газ ұңғыларын бұрғылаудың, ұңғылардан өнімді өндірудің, оны  қондырғыларда дайындаудың  соңғы ғылыми жетістіктерінің, жер қойнауын пайдалану заңнамасының барлық қыр-сырын білетін білікті маман. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикалық газ саласы еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшесі

        2005 жылы елімізде құбыр тасымал көлігінің пайдалана басталуына 70 жыл толуы құрметіне орай «Қазақстанның құбыр көлігіне 70 жыл», 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының төсбелгісімен, 2016 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы» кафедрасының 50 жыл мерекелік медалімен марапатталды және Республикалық газ саласы ардагерлері кеңесінің мүшесі. 2019 жылы Қазақстан мұнайына 120 жыл мерекелік медалімен, 2021 жылы «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2021 жылдан «Мұнай-газ комплексі ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 2022 жылдың шілде айында Түркістан облысы, Келес ауданының құрметті азаматы атағы берілді.

Авторы: Қ. Шотбақов- Жамбыл облысы филиалының директоры