Ұмытпасам 1978 ж, «Эмбанефть» бірлестік бойынша мұнай өндіруден
жылдық жоспарға шығуы, екі талай болса керек.
Ол кезде мен Батыс Прорва алаңында № 304 ұнғының бұрғылау шеберімін.
Ұңғының жобалық тереңдігі 3500 м, пермотриас қабатынан өтіп, тұз кабатын
ашу керек.
Әрине ол уақытта тәжірибе жинақтағаныма үш-төрт жылдай болып калған
жас маманмын, бірлестік масштабында жоспардан көрі, бригаданың әрі
кетсе РИТС, Балықшы бұрғылау мекемесінің жоспары толғандыратын.
Бригада триас қабатын бұрғылауда, әсіресе тұз беті қабаты қаттылықтан
қаздырмай, бұрғылау кашаулары тез тозып, уақыттын көбі көтеріп жіберу
операциясына кетіп жатыр.
Бұрғылау алаңына мекеме басшылары (БУРБ) , бірлестік басшылары (ЭМГ)
жиі келетін болып кетті. Соның ишінде бас директоры Б.С. Сагингалиев,
бұрғылау жөніндегі орынбасары М.И. Гарайзуев , Балықшы бұрғылау
мекемесінің басшысы А.Х. Хисметов.
Келгендердің сұрағы: қашан казып боласын, кипрок қанша метр. Соларды
естіп білгенім ғой, бірлестік мұнай өндіруден жылдық жоспарға шыға алмау
қаупінде. Сол жетпеген көлемін , біз бұрғылап жатқан Батыс Прорва № 304
ұңғыдан шығатын мұнай көлемімен толтыратын үміт бар.
Ақыры қазан айының аягында межеге жетіп, экс. колонн жибердік Бұрын
каротажды кутіп сагаттап тұратынбыз, бұл жолы бірінен кейін бірі келіп кезек
кутіп тұрды. Тіпті әншейінде қараңғыда перфорация жасамайтын, бұл жолы
караңғыға қараған жоқпыз, түнімен аттырдық. Геолог –Сагенов Болат жас
шамасы мен қатарлы,( марқұм өте жақсы жігіт еді) екеуміз кундіз-түні шауып
жүрміз. Еңбегімізге каратождың приборлары ұнғының забойына ойдағыдай
барып, жазуларыда сапалы шықты.
Мұнай қабатына қарсы аттыратын интервалда белгілі, түн болсада сәтті
аттырып НКТ ( Насосно – компрессорная труба) жиберіп аяқтадық. УКП-80
компрессорымен тунгі екі-үштін шамасында ұңғыны урлеп, суын
ортайтық,(компрессорщик-Дихан Агесенов),
Жоспар бойынша таңғы алтыда екінші рет копрессормен үрлегенде, ұңғыда
қозгалыс байқалды. Естимін рациямен Асекең (Хисметов) бізді шақырып
жатыр.
Мен жауап бере алмай отырым, себебі ол кісі істеген істің нақты нәтижесін
сұрайды. Ал, нәтижесіне анық көзім жетпей жатыр. Сағат таңғы 7 ге таман
таза мұнай фонтаны атқылады, сосын келіп Асекеңе байланысқа шығып
баяндадым. (Ол кісі Прорваның басында промбазада болатын). Риза болып
қалды, себебі ол кісіде біраздан өндіріс басында сол фонтанды күтіп жүрсе
керек.
Сағат 8-де Асекең, бас –геолог – Даулетов Қожабай, ЦИТС-тің смена бастығы
– Бақтыбаев Алім ушеүі машинамен келді.Жағдаймен танысып, өз
көздерімен көріп, манометр койғызды. Асекең ұңғының дебетін өлшеу ушін
өлшеуіш қазан, жүк көтеретін кран т.б . ұйысдастыруға ЦИТСке тәртіп беріп,
асханадан таңғы тамақ ішіп қайтайық,-деді. Алекең (Бақтыбаев), Болат
екеумізді ананы –мынаны сұрап жібермейді, ал Қожекең кеттік-кеттік деп
шақырып тұр. Содан біз кейін барамыз, – деп қалып қойдық. Бақсам Алекең
фонтанды «жууға» бір шиша қойнына қыстыра келген екен.
Ойбай, Асекең бар ұят болады ,- деген маған: «бүгін саған ешкім ештеңе айта
алмайды,- деп күледі марқұм.
Содан Болат үшеуміз қылдай бөліп аш қарынға «отправка» жасап, қызара
бөртіп, асханаға бардық. Қожекең: бізбен бірге столға отырыңдар,- дейді.
Олар Асекең екеуі отырған. Асекеңе жақындау қайда, алыстау отырып
үшеуміз тамақтандық.
Бәріміз қайтып келіп, өлшеуіш қазандарды орналастырып, ұңғыға жалғап,
шыққан мұнайдың көлемін өлшедік. Штуцерсіз 2 ½ НКТ мен тәулігіне 650 м3
беріп тұр екен. Сол шамада «Ровное» деген алаңнан ашық фонтон атып кетті,
оны жапқанша біраз мұнай жиналып алса керек.
Қыскасы сол жылы «Эмбанефть» бірлестігі жоспарға шықты, оған қосқан
біздің үлесіміз жоғарыда баяндағандай. Қиыншылықғы мол жылдар еді,
бірақ сол қиыншылықты жұмыстың орындалған қорытындысы, қызығы
жуып-шайып кететін.
Айтпақшы Асекең ішкенмізді сезген шығар,( мүмкін Алекең келісімін алып
келдіме) бірақ білмеген кейіп танытты. Асекең-әділ, білімді басшы әрі ұстаз
еді, марқұм иманы жолдас, топырағы торқа болсын. Жоғарыдағы
кейіпкерлердің бұл кунде біріде жоқ.
Еске алушы,
Қуанышқали Бисенқұлов