Көрнекті мемлекет қайраткері — Н. Балғымбаев
Көрнекті мемлекет қайраткері Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев 1997-1999 жылдар аралығында ҚР Премьер-министрі болды.
1947 жылдың 20 қарашасында туған. 1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Мартыши мұнай кен орнында бұрғылаушының көмекшісі (1963) болып бастаған. 1973-1977 жылдары «Жетібаймұнай» басқармасында жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, ұңғымаларды жерасты жөндеу шебері болып еңбек етті. 1977-1981 жылдары «Жайықмұнай» басқармасында бас инженер, 1981-1985 жылдары «Ақтөбемұнай» бірлестігінің бас инженері, 1985-1994 жылдары КСРО Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өңдеу Бас басқармасы бастығының орынбасары болды, АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін «Chevron» компаниясында жұмыс істеді.
1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды.
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметін басқарды.
1999 жылдан «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болды.
2002-2015 жылдар аралығында «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті, Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ салынып жатқан кәсіпорындары әкімшілігі» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.
Бірінші және екінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
2015 жылғы 14 қазанда 68 жасында қайтыс болды.
«Мұнайгаз кешені ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі.
Н. Балгимбаев-видный государственный деятель
Видный государственный деятель Нурлан Утепович Балгымбаев был Премьер-министром Республики Казахстан в 1997-1999 годах.
Родился 20 ноября 1947 года. В 1973 году окончил нефтегазовый факультет Казахского политехнического института по специальности «горный инженер».
Трудовую деятельность начал помощником бурильщика на Мартышинском нефтяном месторождении (1963). В 1973-1977 годах работал оператором подземного ремонта, оператором по добыче нефти, мастером подземного ремонта скважин в управлении «Жетібаймұнай». В 1977-1981 годах работал главным инженером управления «Жайықмұнай», в 1981-1985 годах главным инженером объединения «Ақтөбемұнай», в 1985-1994 годах работал заместителем начальника Главного управления нефтепереработки Министерство нефти и газа СССР, учился в Массачусетском университете США и работал в компании «Chevron», изучая лучшие мировые практики добычи нефти.
В 1994-1997 годах он был министром нефтегазовой промышленности Республики Казахстан, президентом Национальной нефтегазовой компании «Казахойл».
В 1997-1999 годах возглавлял Правительство Республики Казахстан.
С 1999 года являлся президентом национальной нефтегазовой компании «Казахойл» и членом Правительства Республики Казахстан.
С 2002 по 2015 год занимал должности президента АО «Казахстанская нефтяная инвестиционная компания», советника Президента Республики Казахстан, специального представителя Казахстана по использованию ресурсов Каспийского моря, генерального директора ТОО «Администрация строящихся предприятий АО «Национальная компания «КазМунайГаз».
Награжден орденами «Барыс» первой и второй степени.
Скончался 14 октября 2015 года в возрасте 68 лет.
Республиканское общественное объединение «Ветераны нефтегазовой отрасли».