Бүгін Жаңаөзенде «Мәңгілік алау» мемориалы жанында Жеңіс күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараға қала әкімнің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов, «Amanat» партиясының ЖҚФ атқарушы хатшысы Житек Абдурахманов, мемлекеттік мекемелер басшылары, тыл ардагерлері, ардагерлер ұйымдарының ақсақалдары, сарбаздар мен оқушылар қатысты.
Шара алдымен «Шаңырақ» мешітінде Ұлы Отан соғысында шейіт болғандар мен атамекенге қайтып келгеннен кейін дүниеден озғандардың рухына құран бағыштаудан бастау алды. Ары қарай қатысушылар гүл шоқтарын қою үшін «Мәңгілік алауға» бет алып, тағзым етіп, соғыс және еңбек ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты шара ардагерлерге арналған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті өнерпаздар соғыс кезіндегі сәттерден арнайы көрініс қойып, майдан әндерін шырқап, би биледі.
#Жеңіске78жыл
#Ересіміелесінде
#Жеңіслентасы