ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Партия ардагері, Саяси кеңес мүшесі, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, техника ғылымының докторы, зейнеткер мұнайшы, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қаласындағы Өкілдігінің директоры ОТЕБАЕВ МАЙЛЫБАЙ ағамыздың «ВОССТАНОВЛЕНИЕ ПРОИЗВОДИТЕЛЬНОСТИ НЕФТЯНЫХ СКВАЖИН С ПРИМЕНЕНИЕМ НОВЫХ ТЕХНОЛОГИ» атты монографиялық кітабы шықты.
Монография аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Өндірістегі зерттеу және өзекті мәселердің шешімін табуға негізделген теориялық және эксперименттік нәтижелер.
Аталған монографиялық еңбек бұрғылау саласы қызметкерлері сондай-ақ ЖОО магистранттары мен докторанттары үшін,
«Мұнай, газ және Тау-кен ісі», саласында білім алушыларға көмек болады.
Кітап Алматы баспасынан 2023 жылы шықты.
Майлыбай Отебаев ағай бұған дейін 28 ғылыми еңбектің , «Күрделі жандайларда ұңғыларды бұрғылау»тб 2 кітаптың авторы, 5 жаңашыл патентінің иесі.
Құтты болсын!
Сізге зор денсаулық, жазарыңыз көп болсын!