Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 25,26 күндері “Мұнайгаз кешені ардагерлері” РҚБ Бас директоры А.Тегіспаевтың бастамасымен Атырау облысындағы цифрлық кен орны Айранкөл және Уаз алаңдарында болып, үлкен әсер алғанымды жазып отырмын.
Атам қазақта айтылған орынды мақал- мәтелдер
көп қой, соның бірі «Он рет естігеннен, оқығаннан — бір рет көрген артық» және «Жақсыны көрмекке” — демекші, көзіміз бен көріп, соңғы жаңалық пен жетістіктерді меңгерген болашақ жастарды көріп, бір марқайып қалдық. Қай кен орнына барсақ та білімді жас мамандардың өсіп-жетіліп келе жатқанына куә болдық.
Айранкөл кен орыны бойынша:
1.Ілеспе газды,(газ факторы 35м3/тн.бола тұрсада) тиімді пайдаланып,өндірісті толықтай газ.генераторына көшіргендері экономикалық көзбен қарағанда үлкен жетістік екеніне куә болдық.
2.Осы кен орынындағы сорлы, тұзды жерге стекло тұрбаларды өндіріске пайдаланғаны, оның 50/60 жылға төзімді болатыны да жанға жағымды жаңалықтардың бірі.
(Қанша дегенмен стальной тұрбалар сорлы жерде, ылғалдылығы өте жоғары жерде, ЭХЗ бола тұрсада, тұрба сыртында изолация болса да 50-жылға жетпейтіндігі белгілі , бұда болашақта ескере жүретін, өндіріске біртін деп , енгізе беретін жетістік деп білемін).
3.Осы кен орнындағы, бұрыннан пайдаланып жүрген НБ-50, НБ-125 (насостарын) сорабтарын толықтай импорттық сорабтарға көшіргені,бұл сорабтардың тиімді өндірісте жасап тұрғаны, өз алдына бөлек жетістік деп айта аламын.
Уаз кен орны бойынша :
1.Бұл кен орнында бұрынғы вертикальный
ұңғылармен қатар горизонтальный наклоно- направленный ұңғылардың тиімді жұмыс жасап тұрғандығы, вертикальный ұңғыға қарағанда мұнай өтімділігі 3/4 есе өскендігі, бұл жетістіктің бірі.
2.Осы кен орнында ілеспе газды тиімді пайдаланып отырғанына куә болдық, бұл да болашақта газ факторы (50/70м3/тн.)кен орындарында кезек күттірмей жүзеге асыратын мәселе деп санаймын.
3.Жас мамандардың цифрлық жүйені меңгергені және жастардың білімділігі көңілге қуаныш сыйлады.
Екі кен орнын екі күн аралағанда алған әсерім
үлкен, жаңадан игеріліп жатқан кен орындарында пайдаланса нұр үстіне, нұр болары сөзсіз.
НҰРҒАНОВ Д.А.- МҰНАЙШЫ-АРДАГЕР, “МҰНАЙГАЗ КЕШЕНІ АРДАГЕРЛЕРІ” РҚБ МҮШЕСІ