Бүгін «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Директорлар кеңесінің кезекті жиыны салтанатты шарамен басталды.
Ембі өндірісінің дамуына зор үлес қосқан майталман мұнайшы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Атырау облысы, Жылыой мен Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Максим Ізбасовқа 70 жасқа толуына орай «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы»АҚ (КМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың құттықтау хаты табысталды. КМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ЕМГ Директорлар кеңесінің төрағасы Құрманғазы Есқазиев Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, майталман мұнайшы М.Ізбасовты 70 жасқа толуымен құттықтап, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Марапаттау шарасын «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет жалғастырып, мерей жас иесіне барша ембілік мұнайшылардың ыстық ықыласын жеткізді. Иығына шапанын жауып, естелік сыйлықты табыстады. Мерей жас иесімен ұзақ жылдар үзеңгілес қызмет еткен ЕМГ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Қырымбек Көшербаев Максим Шафихұлына өзінің ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз»АҚ Бас директоры Ж.Саймағанбетовтың, «Қаражанбасмұнай»АҚ Бас директоры М.Елеусіновтің, «КазГерМұнай»БК»ЖШС Бас директоры З.Қияқбаевтың, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры М.Мұстафаевтың құттықтаулары да табысталды. Бұдан соң «Ембімұнайгаз»АҚ Директорлар кеңесінің жиыны күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ұласты. Сегодня прошло заседание Совета директоров АО «Эмбамунайгаз» (ЭМГ). Перед его началом состоялось торжественное чествование заслуженного нефтяника, внесшего большой вклад в развитие Эмбы, кавалера орденов «Құрмет» и «Парасат», Почетного гражданина Жылыойского и Кызылкугинского районов, а также Атырауской области, председателя общественного совета Атырауской области, независимого директора Совета директоров ЭМГ Максима Избасова, отметившего 70-летний юбилей. Первый заместитель председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ), председатель Совета директоров ЭМГ Курмангазы Исказиев вручил юбиляру поздравительный адресат от имени председателя Правления КМГ Асхата Хасенова и по существующей традиции, накинул на его плечи чапан. Теплые пожелания выразил в адрес юбиляра и генеральный директор АО «Эмбамунайгаз» Ринат Ізмұханбет. Первый руководитель ЭМГ также накинул на плечи ветерана -нефтяника чапан и преподнес памятный подарок. Сердечно поздравил с круглой датой Максима Избасова и независимый директор Совета директоров ЭМГ Кырымбек Кушербаев. Юбиляру также были зачитаны поздравления от имени генерального директора АО «Озеньмунайгаз» Ж.Саймаганбетова, генерального директора АО «Қаражанбасмунай» М.Елеусинова, генерального директора ТОО СП «КазГерМунай» З.Киякбаева, генерального директора АО «Мангыстаумунайгаз» М.Мустафаева. После члены Совета директоров приступили к рассмотрению вопросов, вынесенных на повестку дня.