Баспасөз хабарламасы (пресс-релиз)

«Ембімұнайгаз» АҚ — 100 жыл толуына арналған
«Ғасырлық  дәстүр – тұрақты даму» атты семинар 

          Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 24 тамыз күні сағат 16.00-де «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамының  100 жылдық мерейтойына орай Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Ғасырлық  дәстүр – тұрақты даму» атты семинар өтеді.

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау және тапсыру. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», Өндірістік техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармалары.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 307 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 809 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.

Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ болашаққа сеніммен қарайды! Жинақталған бай тәжірибе мен білікті ұжымның арқасында Компания алға қойылған барлық міндеттерді абыройлы орындамақ.Компания жас мамандардың бойында патриоттықты қалыптастыруға және тұлғалық дамуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға  баса назар аударуда.

Семинарға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ вице-президенті, ғылым докторы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құрманғазы Исказиев, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» мұнай және газ өндіру департаментінің директоры Мұстафаев Мұрат,  Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Кеңесінің төрағасы, мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, ғылым докторы, академик  Ұзақбай Қарабалин, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібінің экс-министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, ғылым докторы, академик Равиль Шырдабаев, Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Анатолы Тегісбаев, Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігі бас директорының кеңесшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Зейнолла Алшымбаев, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ экс-вице-президенті, мұнай саласының ардагері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғылым докторы  Махамбет Батырбаев, «Казахойл» компаниясының экс — вице-президенті Төлеген Хасанов, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ырысты Тасмағамбетова,  Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы,  Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің филиал директоры Мақсым Избасов, «Ембімұнайгаз» АҚ ардагерлері: Мақсот Қилыбаев, Бағыт Сматуллин,  Мәлік Өмірзақ,  Мақаш Рахметов, Айболат Ғабдуллин, Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, профессор, академик, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ербол Сахитұлы,  журналист, жазушы  Шархан Қазығұл және   т.б. зиялы қауым өкілдері, Мұнайгаз саласының ардагерлері, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері,  БАҚ өкілдері мен ғалымдар  қатысады.

 

Семинар бойында Республикалық «Мұнайгаз кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің облыстар мен  қалалардағы филиалдарының жетекшілері Online ZOOM платформасы бойынша байланысқа шығады:

1) Ақтөбе облысы (Мамырбаев А.)

2) Батыс-Казахстан облысы (Махуов Б.)

3) Кызылордаоблысы (Көшербаев А.)

4) Маңғыстауоблысы (Ережепов Қ.)

Байланыс ақпараттары:

Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 11.