Ынтымақтастық және біріккен іс- қимыл Меморандумы қабылданды

  Жақында «QazaqGaz Ұлттық компаниясы» АҚ -мен «Мұнайгаз кешені ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ортақ мүдделік мәселелер кеңінен талқыланып, қортындысында өзара іс-қимыл шаралары қамтылған ынтымақтастық Меморандумы қабылданды.

Кездесу барысында «МГКА» РҚБ- Бас директоры А.Тегісбаев Бірлестік қызметі туралы қысқаша презентация жасап,  Бірлестіктің негізгі мақсаты мен миссиясы, қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен бірге, мұнайшы ардагерлердің бай, өмірлік тәжірибесі жас мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге,  жер қойнауы ресурстарын тиімді пайдалануға біріккен іс қыймылдар атқаруға болатынына тоқталды.

«QazaqGaz Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы С.Жаркешев ардагер мұнайшылар қоғамының жоғары интелектуальдық потенциалын атап өтіп, олардың газ өндіру компанияларының стратегиялық дамуын жасақтауға, газ ұңғыларын бұрғылау, мұнай-газ кенорындарын комплексті дамыту, газды өңдеу, тасымалдау және т.б. ұлттық компания құрылымдары өндірісінің дамуын қамтамасыз етуге  зор көмегі тиетініне сенім білдірді. Бұл маңызды құжатқа «QazaqGaz Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы С.Жаркешев және «МГКА» РҚБ- нің Бас директоры А..Тегісбаев қол қойды.

Жалғанды: _Өзара ынтымақтастық және іс –қимыл Меморандумы.

«МГКА» РҚБ нің Орталық аппараты