АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Еңбек жолың қарапайым бұргылау жұмыскерінен бастап, еліміздің және белгілі шетел компанияларында басшылық қызмет атқарған, «МГКА» РҚБ нің бұрынғы Атқарушы директоры, Бирманов Исатай Тынымбайұлы, жақында 75 жасқа толды.
«Мұнай-газ кешені ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан, мерейтой иесіне Мемлекет және қоғам қайраткері, Бірлестік кеңесінің мүшесі З.Алшымбаев және Бірлестік мүшесі А.Сүйесінов құттықтау адресін жеткізді.
Сонымен бірге, ұзақ жылғы еңбек жолы жоғары бағаланып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес — Исатай Тынымбайұлына еліміздің «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды. Мерейтой иесі Бірлестік және мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет пен марапатқа ризашылығын білдірді.
ОРТАЛЫҚ АППАРАТ