XIV- ші халықаралық НӘДІРОВ оқулары өтті

Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстан мұнай-химия ғылымы мектебінің негізін қалаушы Н.К.Нәдіровтың туғанына 90 жыл толды. Осыған орай Атырау қаласында “Ғылыми дәстүрлер сабақтастығының және мамандыққа адалдықтың үлгісі” тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. 2003 жылдан бастауын алатын Нәдіров оқулары осымен 14- ші рет өтіп отыр. Конференцияда Н.К.Нәдіровтың Қазақстанда мұнай-химия ғылымы саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны, оның ерен еңбегінің нәтижесінде бірнеше мұнай қорлары ашылғаны, жаңа жобалар іске асырылғаны атап өтілді. Сондай-ақ ғалымның есімі институтқа беріліп, ескерткіш тақтасы қойылды. Ескерткіш тақтаны салтанатты ашу рәсіміне Атырау облысынык әкімі М.Досмұханбетов, Сенатор-депутат, академик Б.Жұмағұлов, “ КазМұнайГаз” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, “МГКА” РБҚ Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Ұ.Қарабалин және ҚР геология, экология және табиғи ресурстар Мтнистрі С. Брекешеа қатысты. Форумда Ұ.С. Қарабалин: “ Н.К.Нәдіровтың “Мұнай-химия институтына” зор еңбегі сіңгенін, — тек қана Қазақстанда ғана емес халықаралық ғылыми қауымына да белгілі тұлға, көптеген ғылыми еңбектерімен танымал екендігін айта келіп, осы институтқа ғалымның есімі берілуін өте орынды”
деп есептейтінін білдірді. Жиын соңында 14-ші Нәдіров оқуларының лауреаттарына дипломдар тапсырылды.
“МГКА” РҚБ орталық аппараты.