Күй анасы Дина - мерейтойы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі аясында, 22 -ші желтоқсанда Қазақ ұлттық университетінде Күй анасы — Дина Нұрпейсованың 160 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Оған зиялы қауыммен бірге осы білім ордасының студент жастары қатысты. Жиналғандар алдында Университет ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері А.Мұсаходжаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ш.Әбілтаев, “Күй анасы-Дина” қорының төрағасы Т.Қуанышев және мұнайгаз кешені ардагерлері атынан Мемлекет және қоғам қайраткері З.Алшымбаев құттықтау сөз сөйледі. Соңғы жарты жылдықта Нұр-Сұлтан қаласында Динаның еңселі ескерткіші орнағаны, еліміздің біраз аймақтарында, оның ішінде Атырау, Батыс Қазақстан т.б . мұнайлы өлкелерінде шығармашылық кештер өткізіліп оған өнер сүйер мұнайшылар қауымы да кеңінен қатынасқаны атап өтілді. Кеш соңында өнер университеті студенттерінің концертіне ұласып, шараны өткізуге қатынасқандарға марапаттар тапсырылды.
Айгерім Орынбекова- журналист