Геологтар күні атап өтілді

Геологтар күнімен құттықтау.

Сәуір айының басында ел жұртшылығы батыл мамандықтың, романтикалық кәсіптің иегері, Қазақстан геологтарының ресми мерекесі-геологтар күнін атап өтеді.

Бұл кәсіби мерекені тойлауды сәуір айына белгілеудің де өз сыры бар. Сәуір айы қыс қаһары қайтып, жер тынысы кеңіп, жазғы маусымдық жұмысқа дайындықты бастап, экспедицияларға шығуға лайықты кезең. Жер қойнауын барлап, ел игілігіне жаратуға пайдалы қазбаларды табу, игеру жеңіл мамандық емес.

Мұнай-газ қорын ұлғайту, жаңа кен көздерін табу, сонымен қатар еліміздегі ескі кенорындарды қайта жандандыру бағытындағы жұмыстар мұнайшы геологтарға үлкен сенім, жауапкершілік жүктейді.

Құрметті мұнайшы — геологтар!

Сіздер жерқойнауын барлау, мұнай-газ қорларын көбейту, жаңа кен орындарын игеру, өндіріс көлемін арттыру сияқты жауапты міндеттерді абыройлы атқарып келе жатырсыздар.  

Сіздер мамандыққа адалдық деген қағиданы берік ұстанып, бұл бағыттағы жұмыстарды табысты атқаруға күш салып келесіздер. Өнім көлемін ұлғайтудағы ізденістер, тиімді геологиялық техникалық шаралар, өндіріске енгізіліп жатқан жаңалықтар өз нәтижесін беріп отыр, оның айғағы жақында Маңғыстау облысында ашылған мұнай кен орыны-Тепке.

Алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жете беретініңізге, жаңа кен орындарын ашуды көбейтіп, Еліміздің мұнай қорын ұлғайтуға зор үлестер  қосатындарыңызға сенімдіміз.

Кеңес және тәуелсіздік заманында тер төккен геолог-ардагерлерді, бүгін осы салада еңбек етіп келе жатқан Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, маңызды жұмыстарыңызға сәттілік, мол табыстар тілейміз!

Әрдайым отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!

Ізгі ниетпен, «Мұнай-газ кешені ардагерлері»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің

Орталық аппараты

Нұр-Сұлтан қаласы

30 шы наурыз  2021 жыл

Құрметті Бисенбай мырза!

Сізді Геологтар күні қарсаңында «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төс белгісімен марапатталуыңызбен құттықтаймыз! Марапатыңыз сіздің жер қойнауын барлауда, игеруде ерлікке бергісіз еңбегіңіздің жоғары  бағаланғанының куәсі

Сіз көп жылдар бойы қажыр –қайратыңызды, білім мен тәжрибеңізді аямай баянды болашаққа, игілікке қызмет еттіңіз. Жапан түзді  тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналдыруға саналы ғұмыр арнаған аға ұрпақтың, алғашқы геологтардың  тарихи дәстүрін жалғастырып келе жатқан Сізге зор денсаулық, отбасы бақытын, бейнетті еңбектеріңіздің зейнетін тілейміз.

Мұнай өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан геологтарымызды мақтан тұтамыз, геологтардың Еліміздің мұнай-газ қорын ұлғайтуға қосып отырған үлестерін мақтанышпен атап өтпей болмайды.Кәсіби мерекеңіз құтты болсын, өмірде мерейіңіз үстем болуын тілейміз!

«Мұнай-газ кешені ардагерлері»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің

Орталық аппараты

                                                                  Нұр-Сұлтан қаласы

                                                                  3 ші сәуір 2021 жыл

Құрметті Кәрібай мырза!