Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

 

Үстіміздегі жылдың 21- ші желтоқсаны күні Ұлттық кітапханада Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлының “Қоршаса ойлар” атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Талантты ақынның бұл екінші жыр жинағы. Оның әсем лирикаларында табиғат суреттері мен азаматтық әуен астасып жатады. Жинақ жыр сүйер қауымға арналған. 200 беттен тұратын бұл көлемді жинақ “Мереке” баспасынан 2020 жылы басылып шыққан. Тұсау кесер рәсіміне белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. “Мұнайгаз кешені ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігі Бақтықожа Салахатдинұлын жыр жинағының шығуымен құттықтай отырып, үлкен шығармашылық жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреді.
“МГКА” РБҚ орталығы