Президент күні

Құрметті ардагерлер!

         Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

        Бүгінгі мерекелі күн – барша халқымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын, тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерен жетістіктерге жеткізген Ұлт Көшбасшысы- Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тізгінін ұстаған күн. 

         Тұңғыш Президентіміздің  толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының  арқасында Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту мұнай және газ өндірісінің ардагерлері үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

         Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты де

нсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілейміз. Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Ізгі тілекпен,

«Мұнайгаз кешені ардагерлері»

Республикалық қоғамдық бірлестігі

1.12.2020ж.